• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2021

Жапонияда қар тазарту кезінде 60-тан астам адам қаза тапты

3073 рет
көрсетілді

Қаза тапқан кісілердің көпшілігі егде жастағы адамдар. Олардың көбі үйлерінің шатырын қардан тазартамын деп жазатайым болған және қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.

 

Жапония үкіметі қарды тазартуға ресурстар жеткіліксіз елдің солтүстік аймақтарына жедел қаржылық көмек көрсетпек. 

Сейсенбіде Токиода өткен пресс-конференцияда Мемлекеттік жерлер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрі Казуёси Акаба үйлерді қардан тазарту кезінде 60-тан астам адам қаза тапты деп мәлімдеді. 

«Үкімет қажетті мөлшерді тез есептеп, қарды қауіпсіз шығаруға көмек көрсетеді. Біз қар тазарту кезінде қайтыс болғандардың саны көбейіп кеткеніне қатты алаңдаймыз», - деді ол. 

Министрдің айтуынша, құрбан болғандардың саны 2017-2018 жылдары дәл осындай себеппен ажал құшқан адамдардың санынан әлдеқайда көп. 

Жапонияның Хонсю аралының солтүстігінде және солтүстік Хоккайдо аралында өткен жылдың желтоқсан айынан бері жауған қар тоқтаған жоқ. Қалың қардың салдарынан бірнеше рет жол қозғалысы тоқтатылып, коммуналдық қызметтердің жұмысы бұзылған. 

Жоғарыдағы мәселеге орай үкімет жергілікті билікке бөлінген ресурстарды бірінші кезекте халыққа көмектесу үшін пайдалануды тапсырды.