• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қаңтар, 2021

Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды

170 рет
көрсетілді

Алматыда 46 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Жапа шегуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты 19 қаңтар күні таңғы сағат 7-де болды.

«№ 81 автобустың жүргізушісі Емцов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып Рысқұлов көшесіне солға бұрылған кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1974 жылы туған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды», деп хабарлады полициядан.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.