• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Қаңтар, 2021

Өткен тәулікте шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

146 рет
көрсетілді

Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте елге шетелден ұшып келген жолаушылар жайында мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте ел аумағына Италия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасынан 6 халықаралық әуе рейсі келді. 878 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 746 адам, анықтамасыз 132 Қазақстан азаматы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 3 рейс, 558 жолаушы, анықтамамен - 443, анықтамасыз - 115;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 181 жолаушы, анықтамамен - 165; анықтамасыз - 17;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 138; анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 17 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 588 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.