• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Қаңтар, 2021

Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді

135 рет
көрсетілді

Елордалық әкімдік, СЭС және полиция департаментінің қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталықтарының жаңа шектеу шараларында қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Арнайы топ қаладағы бірнеше сауда орталықтарына барып, қызметкерлер мен келушілерге елорданың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысындағы санитарлық нормалар мен карантин режимін сақтау қажеттігін түсіндірді.

«Бүгін біз жаңа қағидалар бойынша сауда-ойын-сауық орталықтарының дайындығы мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына мониторинг жүргіземіз. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді, онда сауда-ойын-сауық орталықтары жұмысының алгоритмі нақты жазылған. Қаулыға сәйкес, сауда орталықтары барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал демалыс күндері жұмыс істемейді. Яғни, сенбі және жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталығында дәріханалар, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдері және супермаркеттері, гипермаркеттері ғана ашық болады. Қазір де сауда орталықтарының біріне келдік, барлық сақтық шаралары сақталғанын көруге болады. Мұнда арақашық сақталып, дүңгіршектегі, дәмханадағы адам саны 30%-дан аспауы керек», деді Нұр-Сұлтан қаласы Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов мониторинг кезінде тілшілерге берген сұхбатында.