• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қаңтар, 2021

«Мас судья»: Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексеру басталды

1108 рет
көрсетілді

Алматы қалалық соты әлеуметтік желірде жарияланған «мас ер адамдарға» қатысты қызметтік тексерісті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

 

«Бүгін әлеуметтік желіде қоғамның қызу талқысына түскен бейнежазба жарияланды. Оны таратушылардың пікірінше, бейнежазбадағы тұлғалардың ішінде Алмалы аудандық сотының судьясы бар. Осы оқиға бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаймын»,деп жазды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook-тегі парақшасында. Бейнежазба Telegram каналдың бірінде жарияланды.

«Осында отырған адамдардың бірі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының судьясы», делінген сипаттамада.