• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2021

Тау баурайындағы тынығу орны

468 рет
көрсетілді

Табиғаты тіл байлайтын Іле Алатауы баурайы тағы бір демалыс орны­­мен толыға түсті. Әйгілі Медеу мұз айдыны маңында сән түзеген визит-орталық алматылықтар мен қала қонақтары үшін таптырмас орын­ға айналмақ.

Ақар-шақар шыңдардың бау­райында орын тепкен орталық алмалы шаһарға атбасын бұрған турис­терді де тәнті етері анық. Таңғы жұпарды тамсана жұтып, таби­ғат­пен үндесе демалуды қалай­тын ал­матылықтар сенбі-жексенбі күн­дері осы маңды бетке алатын болған. Мұнда тау спортына арналған түрлі бұйымдар сатып алып, арнаулы терассаларда тамақтануға да болады.

«Соңғы жылдары қала тұрғын­дары мен қонақтарының тау­лы аймаққа қызығушылығы артып келеді. Оны осында келіп демалу­шылардың көптігінен байқаймыз. Қала әкімдігі экотуризмді дамыту мақсатында түрлі жобалар­ды іске асырып отыр. Бүгінгі пай­далануға берілген визит-орталық – соның дәлелі. Соңғы 5 жылда қызмет көрсету сапасы биік сатыға көтерілді. Соның нәтижесінде қыс мезгілінде көрші елдерден Алматыға ағылатын туристер саны да едәуір артып отыр», дейді әуесқой альпинист Бекзат Нұрыметов.

Аты жаман індеттен арылып, қа­лыпты өмірге қадам басуды тілеп отыр­ған ел тұрғындары ес жиып, етек жиған соң жаңа сапарлар мен саяхаттар туралы толғануы – қалып­ты нәрсе. Дегенмен әлемдегі эпи­демиялық ахуал алыс-жақын шетел­дерге саяхаттау жайын кейін­ге шеге­рері сөзсіз. Сондықтан жос­­пар­­ды тек ішкі туризмге қа­тысты құруға болатыны рас. Ма­ман­дардың пікірінше, қыс маусымы басталғалы бері ішкі туризмге сұ­раныс арта түскен. Бұл ретте жыл сайын 4,5 миллионға дейін турист тартуға қабілетті, елдегі ең үлкен туристік әлеуеті бар Алматы тау кластері шетелдік қонақтар мен отандастарымызға таптырмас демалыс науқанын ұсынып отыр.

 

АЛМАТЫ