Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жұмыс обьектілерінен оралған сотталған азаматтарды тексеру күнделікті жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осындай тексеру кезінде түрмедегілердің бірінен шылымға нығыздалып салынған, өткір иісті шөп тәркіленді. Бұл жайлы жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сот сараптамасының қорытындысымен сотталған азаматтың қалтасынан шыққан 1,98 грамм кептірілген марихуана екені анықталып, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.