Қызылорда облысы Полиция департаментінің мамандары былтыр қызметтік-іздестіру иттері арқылы 192 қылмысты ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінде кинологиялық қызмет орталығында арнайы қызметтік-іздестіруге үйретілген 16 ит бар. Оларды 5 кинолог маман баптап үйретуде. Иттердің із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және одорология бағытында полиция қызметкерлеріне көмегі көп болып тұр.
Биыл 10 қаңтарда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел тергеу тобы құрамында «Леон» атты итпен кезекшілікке түскен полиция қызметкерлері пәтер ұрыларын тап бастырмай ұстады.