• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қаңтар, 2021

Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр

361 рет
көрсетілді

Сицилияның Троина қаласында қараусыз қалған үйлер 1 еуродан сатылымға шығарылды. Осылайша билік қалаға жаңа тұрғындарды тартып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұған дейін қала мэрі Себастьяно Фабио Венеция қараусыз қалып, қираудың алдында тұрған үйлерді сату үшін онлайн агенттіктерден көмек сұраған еді. Нәтижесінде, қаңтар айының соңына дейін жергілікті билік 30 үйді 1 еуродан сатады. Алдағы уақытта олардың қатары тағы 100 үймен толысады. Ол үшін бұрынғы қожайындары үйді үкіметтің қарамағына тапсырулары тиіс. Дегенмен, бұл бағдарламаның өз шарты бар. Сатып алушылар 1 еуродан бөлек 5 мың еуро көлемінде кепілдік беріп, үйге жөндеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін сатып алушыға үш жыл уақыт береді. Үйге жөндеу жұмысы жасалып біткен соң ғана кепілдеме қайтарылады. Оған қоса билік жөндеу жұмысының жарты шығынын өз мойындарына алуға әзір.