• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Екі мекеме енші бөлді

322 рет
көрсетілді

«Технологиялық даму жөнінде­гі ұлттық агенттік» АҚ Тәуе­келді инвестициялау жөніндегі акционерлік инвести­циялық қордың «Сентрас» венчурлық қорының  құрамынан шықты.

«Технологиялық даму жөнінде­гі ұлттық агенттік» АҚ Тәуе­келді инвестициялау жөніндегі акционерлік инвести­циялық қордың «Сентрас» венчурлық қорының  құрамынан шықты.

Ұлттық агенттік венчурлық қордан 91,34 млн. теңге табыс­пен еншісін алды. Агенттіктің үлесін инвестициялық қордың екінші акционері «Centrica» ЖШС сатып алды. Венчурлық қаржыландырудағы тәуекелдердің жоғарылығына қарамас­тан, қорға салынған мемлекеттік инвести­циялардың жалпы табысы 18,27 пайызды құраған болатын.  

Еске салар болсақ, Тәуекелді инвестициялау жөніндегі акцио­­нерлік инвес­тициялық қордың «Сентрас» венчурлық қоры 2005 жылы  даму мүмкіндігі жоғары инновациялық және басқа да жобаларды қаржыландыру мақсатында құрылған болатын.  Жарғылық капиталы 1 107 400 мың теңгені құраған қор «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруына берілген еді.

Аталған қор осы уақытқа дейін эконо­миканың түрлі салалары бойынша 8 жобаны қаржыландырды. Олар­дың қатарында фармацевтика, машина құрастыру, жылу қуаты, жел қуаты, құрылыс, ақпараттық технологиялар, метал­лургия салаларына қатысты жобалар бар.

Соңғы жаңалықтар