Таяуда Central Asia Renewable Energy Fund LP құрамына кіру туралы тиісті үшжақты келісім жасалды. Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы еліміздің «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-пен жасалған келісімге қол қойды. Келісімшарттың жасалуына «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ұйытқы болды.

Қордың мақсаты баламалы және жаңартылатын қуат көздеріне қатысты жобалардың портфеліне 8-10 жылдық мерзімге инвестиция салу екені мәлім. Бастапқы кезеңде 50 млн. АҚШ долларына жеткізіп, кейіннен оны 100 млн. долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Негізі, құрылған қордың бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол тек Қазақстан аумағындағы жобаларды ғана қаржыландырады. Екіншіден, жарғылық капиталының үштен екі бөлігі жеке және шетелдік инвестициялар есебінен жасақталады. Мемлекет Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік арқылы жарғылық капиталдың үштен бір бөлігінен де аз көлемін қаржыландырады. Үшіншіден, қор исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы қорға консультациялық кеңестер беріп, жобаларды құрылымдау жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп отырады. Төртіншіден, қор қаржыландыруы мүмкін жобалар тізімі жасалды.
«Бәйтерек» холдингі бұл жобаға қатысу арқылы, елімізде «жасыл» энергетиканы дамытуға және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің дайындық жұмыстарына өз үлесін қосып отыр деп білеміз.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».