• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Күн тәртібінде – техникалық регламенттер

220 рет
көрсетілді

Кеше Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Кеше Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес мүшелері интегра­ция­ны одан әрі дамытуға ба­ғытталған ережелерді ескере оты­рып, Еуразия экономикалық одағы туралы келісімшарттың жобасы жөніндегі жұмыстың барысын талқылады.

Сондай-ақ, отырыста сауда, бәсекелестік, монополияға қарсы реттеу, энергетика және техникалық реттеу салаларының мәселелері талқыланды. Соның ішінде «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі», «Лак және бояу шығару материалдарының қа­уіпсіздігі», «Синтетикалық боя­ғыш заттардың және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі» туралы Кеден ода­ғының техникалық регламенттері қаралды.

Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев ЕЭК Кеңесінің жұ­мысы интеграциялық үдеріс­терінің қарқындылығы мен мем­лекеттеріміздің арасындағы әріп­тестік қарым-қатынастың жос­парлы нығаюының дәлелі болып табылатындығын атап көрсетті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар