• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2021

Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті

191 рет
көрсетілді

«Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

Алматыда бүгінгі күні коронавирус инфекциясының 20 635 жағдайы тіркелді, оның 12 927-і сиптомды, 7 708-і симптомсыз. Ағымдағы жылдың 19 қаңтарына COVID-19 ауруының 127 жағдайы тіркелді, оның ішінде 84 жағдай сиптомды, 28-і симптомсыз. Жалпы жұқтырудың тәуліктік өсімі 0,5%-ды құрайды. Алматыда вирустың репродуктивтілік көрсеткіші 0,954 (республика бойынша - 1,1).

Инфекция негізінен қоғамдық орындарда жұғуда. 3-19 қаңтар аралығында қоғамдық орындарда (40,1%), отбасындағы КВИ науқаспен байланыс (27,4%), қалалық көлікте (22,8%), жұмыс орнында КВИ науқаспен байланыс кезінде (5,6%), шетелдерден және өзге өңірлерден әкелінген инфекция (2,6%). Инфекция жұқтырудың жағдайлары жас құрылымдары бойынша: 20-39 жастағылар - 34,7%; 40-59 жастағылар - 28,7%; 60 жас және одан үлкен жастағылар - 21,3%.

Инфекциялық стационарларда 810 адам емделуде, оның ішінде 20 – бала бар, 17 науқастың жағдайы өте ауыр, 147 науқастың жағдайы ауыр, 644-інің жағдайы орташа ауыр, 2 науқастың жағдайы жеңіл. Жазылып шыққандары – 82, ауруханаға түскендері – 112.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қала әкімі Б. Сағынтаев қалалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Алматы әкімі тікелей эфир барысында қала тұрғындарын толғандыратын түрлі сауалдарға, оның ішінде жолдарды салу мен жөндеу, газбен жабдықтау, мүгедектерді қолдау және мегаполистің инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.