• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Бірінші оқылымға шығарылды

260 рет
көрсетілді

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Палата қарауына «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигі­­­зетін ақпараттан қорғау туралы» заңының жобасы ілеспе түзету­лерімен бірінші оқылымға шығарылады.

Күн тәртібінің жобасына халық­аралық шарттар мәселесі бойынша түзетулерді қарастыратын депутаттық заң жобасы да қосылған.

Содан басқа, астық нарығын реттеу мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымға талқылауға ұсынылып отыр.

Жалпы отырыстың күн тәрті­біне Қазақстан-Қырғызстан үкімет­аралық Қырғыз Респуб­ликасында мектеп салу туралы келісімге қатысты ратификацияланатын заң жобасы да бар.

Осылармен қатар, палатаға салалық комитетке электр энергетикасы объек­­тілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруға қатыс­ты заңна­малық түзетулерге қорытынды әзір­леу мезгілін нақтылау ұсы­нылды.

Соңғы жаңалықтар