• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Сенаттың кезекті бюро отырысы

270 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Онда Сенаттың 19 желтоқсанда болатын кезекті отырысының күн тәртібіне шығарылатын заң жобалары егжей-тегжейлі талқыланды. Палата алты заң жобасын қарауды жоспарлады.

Сенаттың тұрақты комитет­терінің төрағалары осы заң жоба­ларының әзірлік барысы, атап айтқанда, комитеттер мен жұмыс топтарындағы талқылаулардың нәтижелері туралы баяндады.

Сенат комитеттеріне Мәжілісте мақұлданған заң жобалары бөлініп берілді. Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы берілді. Осы комитет Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпа­рат­тық технологияларды қолдану туралы келісімді ратификация­лау туралы заң жобасына да ие болды. Қаржы және бюджет комитеті оңалту және банкроттық туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бұл коми­тет заңнамаға оңалту және банк­роттық, салық салу мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жо­басымен де шұғылданатын болды.

Соңғы жаңалықтар