• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Студенттер телестудиясы

412 рет
көрсетілді

Бүгінгі заман талабына сай, білімді де білікті кадрлар даярлау үшін инновациялық технологияларды барынша қолданып, теориялық қана емес, практикалық білімді де арттыру қажет. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті осы мақсатпен журналистика факультетінің студенттеріне арнап жаңа телестудия ашты.

Ақпараттық заманның ағымына сай болашақ журналистер аталған студияда қазірден бас­тап телевизияның қыр-сырын игеретін болады. Атап айтқанда, мұнда шағын телехабарлар, бейнероликтер, деректі фильмдер, жарнамалық өнімдерді жасауға толықтай мүмкіндік бар.

Тұсаукесер салтанатына қатысқан Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов, Д.Қамзабекұлы, Ш.Құ­зар­қызы, Т.Жанайдарұлы, Ә.Мәдібекұлы секілді жоба жанашырлары мен «Хабар» телеарнасы АСБД бөлімінің директоры З.Әліпбек, Қазақ радиосының директоры Махат Садық, Қазақ телевизиясының ардагері Сұлтан Оразалы негізгі үш жүйеден тұра­тын жаңа телестудияның мүмкін­ші­лігі өте жоғары екенін атап көрсетті.

Журналистика және саясаттану фа­куль­тетінің деканы Қайрат Сақтың сөзіне қара­ғанда, болашақта осы телестудияда жасал­ған бағ­дар­ламалар мен жаңа жобаларды респуб­ликалық телеарналарға ұсынуға да зор мүмкіндік туып отыр.

Камшат ЖҰБАТХАНОВА,

Еуразия ұлттық университетінің студенті.

Соңғы жаңалықтар