• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Сирияда содырлар 120 күрдті тұтқынға алды

250 рет
көрсетілді

Сирияның солтүстігінде «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобының экстремистері 120 күрдті тұтқынға алып кетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Манар» телеарнасының ақпары бойынша, тұтқындар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Оқиға Түркиямен шектесіп жатқан Аазаз қаласы маңында орын алған. Содырлар күрдтердің аулына басып кіріп, жергілікті тұрғындарды тұтқынға алып кеткен.

«Аль-Каидамен» байланысы бар «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» мен «Джебхат ан-Нусра» топтары Сирияның солтүстігіндегі күрд аудандарына апаратын барлық жолдарды бөгеп тастап, бұл аудандарға гуманитарлық көмектің жеткізілмеуін қадағалап отыр. Бұл әрекеттер арқылы содырлар шілде мен қазан айларында күрдтердің басып алған Эль-Хасика провинциясындағы шекара өткелдерін қайтарып алуды көздеп отырған көрінеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар