• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Шығыста жемқорлыққа байланысты 102 қылмыс әшкереленді

402 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 102 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Altaynews.kz хабарлады.

Коррупцияға қатысты қылмыстардың бірқатарын облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жасайтыны мәлім болды.

Облыстық мәслихаттың кезекті ХVІІ сессиясында сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66 пайызға артқаны айтылды. Дерекке жүгінсек, 2013 жылдың алғашқы 9 айында полицейлер қолымен жасалған 17 қылмыс әшкерленген. Сондай-ақ, сот актілерін орындау департаменті (7 дерек) мен қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (3 дерек) қызметкерлерінің де былығы әшкере болды.

Осы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіптік жауапкершілікке 96 лауазымды тұлға тартылыпты. Олардың ішінде коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласының 16 маманы, 15 аудандық және ауылдық әкімдіктер қызметкері, 14 мектеп директоры бар. – Коррупциямен күрес бағытындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ширатып, түсіндірме семинарларын жиі өткізу керек. Ондай жиындарға құқық қорғау, прокуратура органдарының және бизнес құрылымдарының өкілдерін көптеп тартқан жөн. Кәсіпкерлікті дамытуға тұсау болып отырған түрлі әкімшілік кедергілерді азайтуға осындай бірлескен іс-шаралардың да тигізер пайдасы мол, – деді жиын барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Altaynews.kz

 
Соңғы жаңалықтар