• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2021

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалған?

1794 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, қоғамға бейімдеу мемлекет алдында тұрған келелі мәселенің бірі. Инклюзивті оқыту негізінде қандай да бір кемсітушілікке жол берілмеуі қажет. Әсіресе арнайы орталықтарда білім алушылардың тең құқығылығына қолайлы жағдай туғыза отырып, қоғамда өзін жайлы сезінуге жағдай жасау аса маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев жұмыс сапары аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу барысын ұйымдастырудың барысымен танысты. Осы орайда №7 арнайы түзету мектеп-интернатының ахуалымен танысып, мұндағы санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шаралардың сақталу барысын тексерді.

Осы кездесуде қала әкімі  ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына қаншалықты жағдайда жасалу керектігін атап өтті. Әрине, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру ата-аналар үшін де оңай емес. Осы орайда Б.Сағынтаев бала тәрбиесінде ортақ мәселелерге назар аудару қажеттігін де еске салды. 

Б.Сағынтаевтың айтуынша, жаңа тоқсанның басталуына байланысты қаладағы мектептерде кезекші топтардың саны артқан. Қазіргі кезде аталған мектепте 216 бала білім алса, 200 балаға сабақ үй жағдайында өтеді.

Мұнда балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту, шығармашылық әлеуетін дамыту, еңбекке баулумен қатар емдік дене шынықтыру, музыка, би сабақтары да өтеді.  Сонымен қатар тігін немесе ағаш ұстасы ісінің қыр-сырын меңгере отырып, жасөспірімдердің 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, мамандық алуына да мүмкіндіктер қарастырылған.