Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматының «Қайраты» бұл межеде Румынияның «Юнайтед Галац» клубымен күш сынасады. Ал «Ақтөбе» Словенияның «Добовецімен» сайысқа түседі. Бұл бәсекелер 16-21 ақпан аралығында өтеді.
Осы сынақтан сүрінбей өткен командалар айтулы доп додасының финалдық ойындарына жолдама алады. Шешуші сындар 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Беларусь елінің астанасы – Минскіде ұйымдастырылады. 1/8 финалдық сайыстарының өзге жұптарын мына клубтар құрады:«Интер» (Испания) – «Херсон» (Украина);«Олмиссум» (Хорватия) – КПРФ (Ресей);«Бенфика» (Португалия) – «Береттьоуйфалу» (Мажарстан);«Югра» (Ресей) – «Витис» (Литва);«Барселона» (Испания) – «Аньер-Вильнев» (Франция);«Спортинг» (Португалия) – «Хрудим» (Чехия).