• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2013

«Ауыр машина жасауда да ауыр атлетикадай алда болсын»

282 рет
көрсетілді

Қостанай еліміздегі машина жасау орталықтарының біріне айналды. Мұндағы «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамының өндіріс алаңында атақты итальяндық IVECO компаниясы мен «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнының әріптестігі негізінде IVECO 682 ауыр жүк машинасын жасау желісінің тұсауы кесілді. Оған еліміздің Индустрия және жаңа технология министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мен IVECO операциялық директоры Франко Фузиняни қатысып, су жаңа IVECO 682 ауыр жүк машинасының лентасын қиды. Альберт Рау мен Франко Фузиняни өндіріс алаңындағы жаңа жүк машинасын құрастыру цехтарын аралап көрді.

Қостанай еліміздегі машина жасау орталықтарының біріне айналды. Мұндағы «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамының өндіріс алаңында атақты итальяндық IVECO компаниясы мен «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнының әріптестігі негізінде IVECO 682 ауыр жүк машинасын жасау желісінің тұсауы кесілді. Оған еліміздің Индустрия және жаңа технология министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мен IVECO операциялық директоры Франко Фузиняни қатысып, су жаңа IVECO 682 ауыр жүк машинасының лентасын қиды. Альберт Рау мен Франко Фузиняни өндіріс алаңындағы жаңа жүк машинасын құрастыру цехтарын аралап көрді.

Тұсаукесерден кейін болған баспасөз мәслихатында тараптар IVECO 682 ауыр жүк машинасының сапасын алдымен ауызға алды. Көліктің Қазақстан үшін жаңа түрі бұрынғы «КамАЗ бен» ғана иық тірестіре алады екен. Бірақ бұл бағасы жөнінен, ал сапасына келгенде оның алдына машина түсе алмайды. Ауыр машина 20 тоннаға дейін жүк тартады. Оның кабинасы қолайлылығымен қоса қауіпсіздігімен де жоғары бағасын алған. Егер машина жол-көлік оқиғасына тап болып, тұмсығымен соғысып қалатын болса, онда кабина 50 сантиметр­ге дейін артқа жылжып кетеді. Бұл машинаға тиген күштің екпі­нін азайтып, жүргізушіні апат салдарынан сақтап қалады. Жүк машинасының двигателі қуаттылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ, машинаның қорабы да жоғары сапалы болаттан жасалған. Оның құрамындағы бұл металл басқа өндірушілер шығарған автомобильдерден 20 пайызға қалың. Ол ең алдымен, машинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін айтты мамандар. Зауытта бұл машинаның негізі құрастырылады, ал оны әрі қарай жанар-жағармай таситын, жүк таситын немесе басқа да қажеттерге орай түрлендіру мамандардың қолында.

Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау Қостанайдағы машина жасау ісінің өндірістік қуатын және оның экономиканы дамытуға қосар үлесін Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігімен салыстырды.

– Қазақстан азғана жылдардың ішінде машина жасау өндірісін аяғынан қойды. Бұл тек облыс қана емес, еліміздің экономикасын серпінді дамытуға мүмкіндік беретін болады. Қазақстанда машина жасау кластерін үш аймақта, Алматы, Өскемен, Қостанайда дамытып отырмыз. Бұлар ешқашан біріне-бірі кедергі, бәсеке болмайды. Біз бұл саланы тек әлемдік машина жасау компанияларын тарту арқылы ғана өркендете аламыз. Итальяндық атақты IVECO компаниясының біздің елімізге келуі осы орайда жақсы нышан. IVECO 682 ауыр жүк машинасын жасау желісімен бірге Қазақстанға озық технологиялар, жоғары сапалы құрастыру және өндірістік стандарттар, ең бастысы сапа келеді. Сондықтан бүгінгі IVECO 682 машинасының тұсаукесерін тарихи күн деп білемін, – деді Альберт Павлович.

– IVECO 682 – маңызды жоба. «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнымен біздің әріптестігіміз жартыжылдың ішінде өз нәти­жесін берді. Осындай жетіс­тік­ке мүмкіндік жасаған Қазақстан басшылығына алғысым шексіз. Қазақстан Лондон олимпиадасында ауыр атлетикадан төрт алтын алып, әлемді таңғалдырған еді. Енді ауыр жүк машинасын жасаудан олимпиадалық биікке шығарына сенімдімін, – деп IVECO операциялық директоры Франко Фузиняни сөзін әзілмен қайырды.

AllurGroup компаниялар тобының директоры Андрей Лаврентьевтің айтуынша, Қа­зақстандағы ауыр жүк көлі­гі нарығы өткен жылмен салыс­тырғанда 30 пайызға өсті. IVECO 682 ауыр жүк машинасы осы көрсеткіштің алдағы уақытта өсе түсуіне ықпал жасайды. Әзір өндіріс алаңында сегіз машина құрастырылды. Құрастыру цехтарында 35 жұмыс орны ашылды. AllurGroup компаниялар тобы IVECO ауыр жүк машиналармен қатар осы аттас автобустар да шығарады. Алдағы уақытта компания жылына IVECO 1200 машиналарын шығарса, соның 20 пайызы ауыр жүк таситын көліктер болмақ.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

 

Соңғы жаңалықтар