• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2013

Кубалықтар кемел көрінді

391 рет
көрсетілді

Желтоқсанның 13-і күні Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) төртінші турында Astana Arlans Кубаның Cuba Domadores командасын қабылдап, 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Желтоқсанның 13-і күні Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) төртінші турында Astana Arlans Кубаның Cuba Domadores командасын қабылдап, 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Бірінші ұрыста Мирас Жақыпов Херардо Сервантесті ұтып, кубалық­тар­дың бірінші жеңілісін тіркеді. Мәселенің мәнісі мынада, Бостандық аралының командасы бұған дейін өткізген үш матчын да 5:0 есебімен аяқтап, бірде-бір жекпе-жекте қарсыластарына есе бере қоймаған еді. Сол сеңді біздің боксшы бұзды.

Бірақ бұдан кейінгі үш шайқаста ку­ба­лықтардың айдыны озды. Атап айт­қанда, Жандос Момынов Лазаро Аль­вареске, Бақытжан Қожабеков Арис­пойдис Дэспайнға, ал хорватиялық легио­нер Хрвое Сеп өз кезегінде Сезар де ла Крусқа тізе бүкті. Меймандар сапын­дағы жоғарыдағы үш боксшы да биыл Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Үшеуі де финалға дейін жетті. Солардың екеуі – Лазаро Альварес пен Хулио Сезар де ла Крус чемпион атанды. Екеуі де бұл атаққа 2011 жылғы Бакуден кейін қатарынан екінші рет қол жеткізді. Ал Ариспойдис Деспайн Алматы финалында біздің Да­нияр Елеусіновтен ұтылып қалды. Осы жолы кубалық біздің Бақытжанды нокаут­пен ұтты. Сонымен, матчта қонақтардың командалық есепте жеңіске жеткендері белгілі болды.

Соңғы айқаста келесі хорват жігіті Фи­лип Хргович қарсыласы Хосе Анхель Лардуэтті үшінші раундта жеңді. Ол алғашқы екі раундта айқын басым кө­рін­ді. Үшінші раундта екі рет нокдаунға жі­бер­ді. Осыдан кейін кубалық бапкерлер өз жі­гіт­терін шаршы алаңнан шығарып алды.

Осылайша, есеп 3:2 болып, Cuba Do­ma­dores боксшыларының пайдасына шешілді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар