• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Қаңтар, 2021

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

696 рет
көрсетілді

Еліміздің алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ертең Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.

23-24 қаңтарда түнде Көкшетауда 32-34 градус аяз болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

23 қаңтарда күндіз Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін. 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады.

23 қаңтарда түнде Петропавлда ауа температурасы минус 32-34 дейін төмендейдіі, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болуы ықтимал.

23 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейеді.