Қазағым, қуанамын мен ел үшін!
Әлемнің маңдайалды Беделісің.
Аққу – күй, Алатау – ән, дария-жыр,
Келісті кең пішілген кемел ісің.
Көз ашты гүл-жазира бақ көңілде,
Кең далам бақ жұлдызын тақты өңірге.
Қазағым, қуанамын мен ел үшін!
Әлемнің маңдайалды Беделісің.
Аққу – күй, Алатау – ән, дария-жыр,
Келісті кең пішілген кемел ісің.
Көз ашты гүл-жазира бақ көңілде,
Кең далам бақ жұлдызын тақты өңірге.
Арманы ата-баба орындалып,
Шалқып тұр Астананың қақ төрінде.
Талайдан келген еді жан алқымда,
Жүрдік біз Мәскеу-бидің дәл артында.
Еліміз еңсе тіктеп, болды бүгін
Қаймықпай келешекке қарар Тұлға!
Ақбұлақ жарып шықты ақ тақырдан,
Халықпыз жылы биік тақта тұрған.
Тарылып Кремльдің тас құшағы,
«Құдай..!» деп құтылдық-ау қақпақылдан.
Өткен күн өкініші ол батпандай,
Тынбадық ел намысын қорғап қалмай.
Туды ғой Тәуелсіздік тар құрсақтан,
Толықсып тоқсан әйел толғатқандай.
Ие боп жасампаздық жарасымға,
Айналды Елбасымыз дара шыңға.
Қалықтап ұя салды бейбіт құсы,
Астана ақ ордалы қаласында.
Сарылып күткеніміз ақ таң екен,
Тәуелсіз қазағымды мақтан етем.
Елтаңба, Көк туымды биік ұстап,
Әнұранды бас иіп жаттап өтем.
Сүйемін аспанын да, Күнін де мен,
Шаттығы бал жүзінен түрілмеген.
Қазақпыз – Тәуелсіздік таңы атқан.
Жастарымыз көңілді күлімдеген.
Болған ғой қазаққа осы далам нәсіп,
Еліме емірене болам ғашық.
Тәуелсіз, тағылымды ұлы Отаным
Барады келешекке қадам басып…
Аллаберген ҚОНАРБАЕВ,
«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы.