1 ақпаннан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті электрмен жабдықтау тарифін тұрғындар үшін 1,5%> (ҚҚС-сыз 17,12 тг/кВт сағаттан ҚҚС-сыз 16,86 тг/кВт сағатқа дейін) , заңды тұлғалар үшін 1,2%> (ҚҚС-сыз 18,47 тг/кВт сағаттан ҚҚС-сыз 18,25 тг/кВт сағатқа дейін) дейін төмендетті.
Бұл көрсеткіш электр энергиясын беру және теңгерімдеу, қуатты қамтамасыз ету тарифінің төмендеуі арқылы мүмкін болды.
Халық үшін 554 млн теңге, заңды тұлғалар үшін 820 млн теңгеге үнемді болып отыр.
Өз кезегінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті.