Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді еліміздің басты үлттық мерекесі –
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтайды!
Бұл күн жаңа Қазақстанның құрылғанын, біздің еліміздің егемендігі мен өз тағдырын дербес шешу құқығының пайда болғанын паш етеді.
Осы күні біз ұлы ата-бабаларымыз армандаған – қасиетті қазақ жерінде біртұтас мемлекет құру мұратының ақиқатқа айналғанына куә болдық!

Тәуелсіздікпен бірге біздің өмірімізге бейбітшілік, тұрақтылық, қоғамдық келісім мен ел бірлігі ұғымдары бойлай енді.
Бүгінде бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін бекітіп берген тұтас халықтың, қоғам мен мемлекеттің басты қағидасы.
Бұл мереке – туған жер мен Қазақ елінің азаттығы жолында ғасырлар бойы жанқиярлықпен күрескен азаматтарымыздың ерлігіне деген тарихи тағзым.
Бұл – елді біріктіретін, біздің Ұлттық рухымызды асқақтататын және Ұлы Даладағы мемлекеттіліктің, дәстүр мен мәдениеттің лайықты мұрагері Тәуелсіз Отанымыздың өз дәстүрлерін қалыптастыратын Ұлы мереке.
«Бір ел – бір тағдыр», «тегі басқа – теңдігі бір» ұғымдары бүгін біздің ұлттық бет-бейнемізге, қоғам өмірінің адамгершілік ұстанымына айналды.
Біздің еліміз, Мемлекеттік туымыз бен Мемлекеттік әнұранымыз барша әлемде мойындалған, біздің басқаға үйретеріміз, мақтан тұтар жетістіктеріміз жетерлік. Жиырма жылдың ішінде Қазақстан жаңа тәуелсіз елдер үшін үлгі боларлық ұлттық даму үлгісіне ие болды.
Бұл, ең алдымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің, біздің халқымыздың жарқын ниеті мен қолдауының арқасында жеткен биік белес!
Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы болашағына сеніммен қарайды, елінің жетістіктерін және Қазақстан Республикасы азаматы екенін мақтан тұтады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру біздің елімізді жаңаша өркендеуге бастайтын тарихи міндет деп білеміз.
Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевты, барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Қазақ жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс-ынтымақ тілейміз.
Ұлы мереке бізге әрқашан келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын сарқылмас күш-қуат, берік сенім сыйласын!
Мереке құтты болсын, қадірлі отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.