• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2021

Ақтөбелік оқушы «ақылды маска» ойлап тапты

295 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Жалғасбаев «ақылды маска» ойлап тапты. Бұл өнертабысы I орынға лайық деп танылып, оқушыға 300$ көлемінде ақшалай сыйлық пен диплом табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Робототехника бойынша халықаралық жарысқа ұсынылған «RUD SMART MASK» жобасы респираторлық маска мен қоршаған орта анализаторы функциясын атқара алады.

- Маска негізгі екі бөліктен тұрады: біріншісі, ауадағы газды анықтауға арналған талдағыш пен сигнал беруші құрылғы, олар bluetooth-модуль арқылы ақпарат таратады. Ал екінші бөлігі сүзгі есебінде қолдануға болатын маска, ол ағзамызды ластанған ауа мен вирустан қорғайды. Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін екі компонент өзара неодим магнитімен жалғанып тұр, - дейді өнертапқыш оқушы.

Маска қазіргі уақытта көптің қажеттілігіне айналғандықтан, оның сапасы әрі қайта пайдалану мүмкіндігі аса маңызды. Осы тұрғыда жас өнертапқыш «Ақылды масканы» тазалауға арналған RUD STAND құрылғысын да жасаған.

- Маска фильтрі ультрамедколь, спанбонд, белсендірілген көмір қосылған мата және акрилден жасалды, ал бұл аппарат оны арнайы ультракүлгін сәулелер көмегімен бірнеше минут ішінде залалсыздандырады. Нәтижесінде маска қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, - дейді ақтөбелік зияткер.

Ш.Уәлиханов мектебі ұйымдастырған халықаралық жарысқа Ресей мен Өзбекстан, Түркия мемлекеттерінен де жобалар ұсынылды. Әлемдегі короновирустық пандемияға байланысты байқау онлайн форматта өтті.