• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2021

«HR-PROCESS»: 2 мыңнан аса үміткердің өтініші қабылданды

301 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарында өткен жылдың 1 тамызынан бастап «HR – ргосеѕѕ» жүйесі іске қосылды.

Жүйеге 4890 қолданушы тіркелген болса, олардың 2292-сі үміткер.

Жалпы шаһардағы 147 мектептің 113-і 697 бос жұмыс орнын жариялады. Жарияланған бос жұмыс орындарына 836 үміткер 2896 өтініш берген (бір үміткер әртүрлі мектептерге бірнеше өтініш бере алады). 617 бос жұмыс орны бойынша комиссияның 617 отырысы өткізілді. Отырыста 823 үміткерден 2856 өтініш қаралды. 755 үміткердің 392-сі конкурс қорытындысымен жеңімпаз деп танылды. Конкурстық комиссия өткізілместен ішкі аударыммен 81, ал 180 қызметкер көтермемен ауыстырылды.

Одан өзге, 11 колледжден біреуі 1 бос жұмыс орнын жариялады. Оған 1 ғана өтініш түсіп, кандидат конкурсқа қатысудан бас тартқан. Соның негізінде комиссияның отырысы өткізілмеді.

Сондай-ақ 10 балабақша 23 бос орын жариялады. Оларға 34 үміткерден 43 өтініш келіп түскен (бір үміткер әртүрлі мектептерге бірнеше өтініш бере алады). Осыған байланысты комиссияның 19 отырысы өткізіліп, үміткердің 11-і конкурс қорытындысымен жеңімпаз боп табылған және бос орындарға орналасуға мектеп директорларына ұсынылған.

Сондай-ақ жеткізуші конкурстық комиссияның шешімімен 410 жеңімпаздың 350-іне телефонмен қоңырау шалу арқылы мониторинг жүргізілді. Қазіргі таңда 278-і тұрақты жұмысқа орналасты. 22 жеңімпаз ұсынылған бос орыннан еңбек жағдайларының қанағаттанбауына байланысты бас тартқан.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін «109» бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.