• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Қаңтар, 2021

Індет жұқтырғандар саны көбейді

267 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы эпидемиялық ахуал күрделіне түскендей. Өйткені, тәулік аралығындағы індет жұқтырған науқастардың саны көбейіп отыр. Ал өңір әлі де «сары аймақтағы» орынын сақтап тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы сәттегі дерек бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдардың жалпы саны 8 790 науқасқа жеткен. Оның ішінде өткен тәулікте тағы 79 адамнан ідет белгісі анықталып, тиісті ем-шара алуға мәжбүр болған екен. Ал вирустың таралу ощағы облыс орталығында белең алғаны байқалды. Талдықорғанда өткен тәулікте 32 адам ауырған.

Сондай-ақ, Текелі қаласында - 12, Жамбыл ауданында - 6, Еңбекшіқазақ, Талғар, Панфилов және Көксу аудандарында – 4 науқас тікелсе,  Сарқан ауданында – 3, Ұйғыр ауданында – 3, Қапшағай қаласында  2 тұрғын дәрігерлік көмекке жүгінген.  Ал Қарасай және Іле аудандарында 2 жағдайдан және Қаратал ауданында 1 жағдай тіркелді.