Рахмет саған, Қазақстан
Мен Қазақстанда тудым, бүгінгі күні Қарағандыда тұрамын. Бұл менің Қазақстаным, тәуелсіз Қазақстаным! Мен өз еліме бақытты балалық шағым үшін алғыс айтамын. Рахмет саған, Қазақстан! Мен өз еліме бақытты отбасы үшін алғыс айтамын.
Рахмет саған, Қазақстан
Мен Қазақстанда тудым, бүгінгі күні Қарағандыда тұрамын. Бұл менің Қазақстаным, тәуелсіз Қазақстаным! Мен өз еліме бақытты балалық шағым үшін алғыс айтамын. Рахмет саған, Қазақстан! Мен өз еліме бақытты отбасы үшін алғыс айтамын.Рахмет саған, Қазақстан! Мен өз еліме бұлтсыз ашық көк аспаным, халықтың татулығы, бірлігі, түсінігі үшін алғыс айтамын. Рахмет саған, Қазақстан! Біздің еліміз үнемі егеменді ел болмаған. Ол 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды. Бұл күн – бүкіл Қазақстан халқы үшін өте маңызды күн!
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары менің әжем мен атам қуғынға ұшырап, осы елге келген. Қазақ халқы қайырымдылық танытып, басқа елден келгендерге көмек көрсеткен, себебі, қазақ халқы – өте мейірімді, өте мейірбан халық. Осы елде менің ата-бабаларым тұрды, оқыды, жұмыс істеді, ғашық болды, отбасын құрды, балаларын тәрбиеледі.
Менің ата-анам маған: «90-шы жылдары азық-түлік дағдарысы болды», дейді. Ол – мен туған кез. Ал қазір Қазақстан танымастай өзгерген. Біздің тәуелсіз елімізге небәрі 22 жыл толды, соның өзінде бәсекелес елдер қатарына енуге ұмтылып жатырмыз.
Біз қол жетпеске жеттік. Біз бұл шыңдарға Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге жеттік.
Рахмет саған, Қазақстан! Мен сені ардақтаймын, Қазақстан! Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстан!
Рахмет саған, Қазақстан!
Наталья КОЧНЕВА,
Қарағанды қаласындағы №32 мектептің 10-шы сынып оқушысы.