Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегікәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов саланы дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.
Палата басшысы мәжілісте аймақта кәсіпкерлік саласын дамытуда агроөнеркәсіптік кешеннің маңыздылығына тоқтала отырып, бірнеше мәселекөтерді.
«Су мәселесінің түпкілікті шешілуі аймақта ауылшаруашылық өндірісін кешенді дамытуғамүмкіндік береді. Сол себепті «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2-кезеңін жүзеге асыруды аталмыш бағдарламаға қосу қажет деп есептейміз», - деді Ғалымбек Жақсылықов
Палата директоры аймақта «Агропарк» құруға байланысты да ойын жеткізді. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты облыстағы егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында көптеген жоба дайындаған. Оның ішінде суды аз қажет ететін, пайдасы мол дақыл түрлерін егу жайлы ұсыныстар да бар.
«Институт тәжірибесін облыста тарату қажет деп есептейміз. Бұл дақылдар облысымызда кең тарамағандықтан, сәйкестендірілген техникалар және сол дақылдарды егіп көрген ғалымдардыңкөмегіне жүгініп, институт базасында «Агропарк» құруды ұсынамыз», - деді палата басшысы.
Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімі тиісті сала басшыларына зерттеп, жүзеге асыру тетіктерін қарастыруды тапсырды.