Технология 25 Қаңтар, 2021

WhatsApp бір айдың ішінде 30 млн қолданушысынан айырылды

221 рет
көрсетілді

WhatsApp мессенджері соңғы 3 аптада 30 миллионнан астам қолданушысынан айырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

WhatsApp басшыларының әрекеттерінің нәтижесінде қолданушылар Signal және Telegram-ға көше бастаған. Британ үкіметі комитетінің бағалауынша, үш аптаның ішінде Signal-ды қолданушылар саны 7,5 миллион адамға артса, Telegram-ға 25 млн адам қосылған.