• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2013

Бейбіт Шүменов үшінші раундта жеңіске жетті

231 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов өзінің ауыр салмақтағы WBA супер-чемпионы деген атағын қорғау жолында словак Тамаш Ковачпен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Ұрыс АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтті. Үшінші раундта Ковач қарсыласының жойқын соққысын жіберіп алып, ұшып түсті. Осыдан кейін рингтегі төреші техникалық нокаут жариялап, жеңістіі Бейбіт Шүменовке берді. Ол мұның алдындағы екі раундтың әрбірінде қарсыласын бір реттен нокдаунға жіберіп еді.   Айта кететін бір жайт, Бейбіттің мұның алдындағы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне бір жарым жыл болып қалған еді. Бұдан бұрын оның IBF нұсқасындағы әлем чемпионы, 48 жасар америкалық Бернард Хопкинспен шайқасатыны айтылған болатын. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Vesti.kz.
Соңғы жаңалықтар