• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2021

Мүгедек қыздың зорлануы: Министрлік Шымкенттегі әлеуметтік орталықты тексереді

339 рет
көрсетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігінің «2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын тексеру мақсатында мониторингтік топ құрылады.

Мониторингтік топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және т. б. өкілдері кіреді.

Комиссия қамқорлыққа алынғандарға қатысты тұру, тамақтану, төсек-орын жабдықтарымен, киіммен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілу жөніндегі стандарттардың сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтердің сапасын тексереді.

Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-пабликіндегі үндеу хаты тексеру жүргізуге негіз болды. Әйел І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын хабарлады. Оның айтуынша, қызы есінен танып қалған кезде оны пайдаланған, қыз эпилепсиядан зардап шегеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің «Бірнеше рет жасалған зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады.