• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2021

Бір тәулікте 219 науқас тіркелді

109 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтеріне қарағанда, қаңтардың 24-іне дейін жаман тұмауға 9 518 адам душар болған.

Соның ішінде 5 933 науқаста вирустың симптомды, ал 3585 адамда симптомсыз түрі анық­талған. Індеттен 99 адам қай­тыс болған. Өлім-жітім көрсет­кіші 1,06-ны құрайды. Вирус жұқтыр­ғандардың басым көп­шілігі ересек адамдар. Барлық нау­қастың 8,3 пайызы – 14 жас­қа дейінгі балалар.

Індеттің етек алуына өзіміз себепші болып отырмыз. Әлі күн­ге дейін жасырын той-тома­лақ, құдалық тыйылмай тұр. Ал­ғашқы беттегі үрей сейілді. Есесіне, ауру көбейді.

Коронавирус диагнозы кө­бінесе науқастардың емха­наға өздері барып қаралу ке­зінде қо­йылған. Сондай-ақ ко­ро­на­вирусқа шалдыққан нау­қас­тармен байланыста бол­ған адам­­дар арасында тест жүр­гізу және профилактикалық скри­­­нингтер кезінде де індет жиі анық­талып отыр. Облыс эпи­­­­де­­миялық жағдайға бай­ла

нысты бірнеше аптадан бе­рі «қызыл» аймақта. Эпи­де­мия­­­лық қызметтің мәлі­мет­те­рін сарап­тасаңыз, жағ­дай­дың үдеп бара жатқанын аң­ғарар еді­ңіз. Мәсе­лен, бір тәу­ліктің ішінде облыста 219 вирус жұқ­тыру оқиға­сы анықталып отыр. Соңғы тәу­лікте жаман тұмау жұқтырған науқастармен бай­ланыста болған 594 адам тұ­рақты бақылауға алынған.

Бүгінгі таңда, COVID-19 ви­­­ру­сымен қатар, осы вирус бел­­гілеріне ұқсас пневмонияға шал­дығу деректері де тіркелуде. Мәселен, облыста бір аптаның ішін­де мұндай диагноз 51 адамға, ал соңғы тәулікте 2 адамға  қо­йылған.

Соңғы тәулікте вирус анық­талған науқастардың басым көп­шілігі Көкшетау, Степногор қа­лалары мен Бурабай, Есіл, Зе­ренді, Жарқайың, Целиноград аудан­дарында. Ал індеттің оқу­шылар арасында таралу көр­сеткіші бо­йын­ша Көкшетау қа­ласы көш бастап тұр. Індет жұқ­тырған 179 оқушының 70-і дәстүрлі, 109-ы қашықтан білім алып жатқан балалар. Эпидемиялық қызмет мамандары оқушылар арасында індеттің таралуына карантин талаптарының сақталмауы себеп болғанын ай­тады. Демек, хал­қы­мыздың «сақ­тансаң, сау бола­сың» дейтін тәмсілі әбден шын­дық.

 

Ақмола облысы