• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қаңтар, 2021

Уэйн Гретцки – 60 жаста

230 рет
көрсетілді

Бүгін – әлемдегі ең атақты хоккей­шілердің бірі әрі бірегейі Уэйн Гретц­ки­дің туған күні. Ұзақ жылдар бойы теңдессіз өнерімен төрткүл дү­ние­нің жанкүйерлерін тамсандырған ойын­шы 60 жасқа келіп отыр.

Уэйн 1961 жылдың 26 қаңтарында Кана­даның Онтарио штатына қарасты Бранфорд қаласында туды. 1978-1999 жылдар аралығында «Эдмонтон Ойлерз», «Лос-Анджелес Кингз», «Сент-Луис Блюз» және «Нью-Йорк Рейнджерес» клубтары сапында өнер көрсеткен ол көптеген толағай табыстар мен рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Атап айтсақ, Канада кубогын – үш, Стэнли кубогын төрт рет ұтты. Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) ең құнды ойыншысы атағын тоғыз рет иеленсе, ең мерген шабуылшыға тиесілі арнайы сыйлықты 10 мәрте олжалады. Түрлі сайыстарда 61 рекордты жаңартты. «Жұлдыздар матчында» алты мәрте өнер көрсетіп, 14 голдың авторы атанды. Бұл да рекорд! ҰХЛ-да барлығы 1487 рет мұзайдынға шығып, 894 гол соқты, 1 963 нәтижелі пас берді. Кезінде әлемнің ең үздік хоккейшілерінің бірі саналған Марк Мессьенің өзі айтулы азаматты «Енді Гретцкидей ойыншымен қайта қауышуымыз неғайбыл. Ол – жүз емес, мың жылда бір қайталанатын керемет құбылыс!» деп бағалаған еді.

Қазіргі кезде Гретцки бизнестің бел ортасында жүр.