Австралия премьер-министрі Тони Абботт Ауғанстанның Урузган провинциясындағы Тарин Кот әскери базасының жабылуы жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Біздің сарбаздарымыз үйіне оралады», – деді Австралия үкіметінің басшысы.
Австралия Ауғанстанға 2001 жылы 1,5 мың әскери қызметкер енгізген болатын. Осы 12 жыл ішінде оның 40-ы қаза болып, 260-тан астамы жарақат алған.
Австралия қорғаныс министрлігінің ақпары бойынша, тұрақты әскери бөлімшелер Ауғанстан аумағын босатты, тағы 400 әскери Қабул мен Қандағар қалаларында кеңесші ретінде қалып отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com