Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің басты назарында елдің стратегиялық мақсаттары мен Жолдаудағы тапсырмалар бар екенін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
«Өңірлер бойынша өсім СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында байқалды. Одан кейін ШҚО мен Шымкент қаласы тұр. Экономиканы дамыту бойынша өткен жылы 10 өңірде оң көрсеткіштер тіркелді. 4 өңір орта республикалық көрсеткіш бойынша аяқтады», деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, 5 айдың ішінде 44 көрсеткіш орындалды. Үкімет Жолдауды жүзеге асыру бойынша әрі қарай сапалы жұмыс істейді. Көп елдер инвестиция тартудың әдістерін қайта қарады. Жеке сектордың жаҺандық көрсеткіштегі үлесін арттыру бойынша мемлекеттің рөлі артып жатыр.
«Үкіметтің басты назарында елдің стратегиялық мақсаттары мен Жолдаудағы тапсырмалар бар. Стратегиялық міндеттерді орындау бойынша 2021 жылы 7 басты бағытты дамыту мақсаты тұр», деді Асқар Мамин.