• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2021

«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр

542 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы қаулы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Қаулы Электрондық үкімет порталында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 13 қаңтардағы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шешті», делінген қаулыда. 

Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

жобалық атауы  А21 көшеге - Ұзақбай Құлымбетов көшесі; жобалық атауы № 231 көшеге - Әнуарбек Байжанбаев көшесі; жобалық атауы № 23-14 көшеге - Мақтай Сағдиев көшесі; жобалық атауы А22 көшеге - Кәмен Оразалин көшесі; жобалық атауы А23 көшеге - Аманжол Бөлекпаев көшесі; жобалық атауы № 23-7 көшеге - Бәйкен Әшімов көшесі; жобалық атауы А25 көшеге - Кеңшілік Мырзабеков көшесі; жобалық атауы А26 көшеге - Нығмет Нұрмақов көшесі; жобалық атауы № 23-6 көшеге - Рахманқұл Бердібай көшесі; жобалық атауы А36 көшеге - Салық Зиманов көшесі; жобалық атауы А98 көшеге - Жұбан Молдағалиев көшесі;  Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша: жобалық атауы Е755 көшеге - Әнет баба көшесі; жобалық атауы Е16 көшеге - Хиуаз Доспанова көшесі; жобалық атауы Е22 көшеге - Роза Бағланова көшесі; жобалық атауы Е574 көшеге - Бердіқожа батыр көшесі; жобалық атаулары Е584 және Е631 көшелерін біріктіріп, Баймұхамет Қосшығұлов көшесі; жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерін біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;

Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге - Қазақ радиосы көшесі.

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:

Жұмабек Тәшенов көшесі - Жұмабек Тәшенев көшесі; Павлик Морозов орамы - Сейхун орамы; Ленинградский орамы - Төрткөл орамы; Жұмабек Тәшенов орамы - Жұмабек Тәшенев орамы; Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ырғыз орамы; Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ақжарма орамы; Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі - Шоқпартас орамы; Телжан Шонанұлы көшесінің Николай Гоголь көшесінен басталып, Ташкент көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шілікті орамы; Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шилісай орамы; Ағадыр көшесінің № 8 үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шеңгелді орамы; Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Қарғалы орамы; Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Үңгіртас орамы; Ақшағыл көшесінің Кентау көшесінен басталатын бөлігі - Тұздыкөл орамы; Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Түрген көшесі; Төңкеріс көшесінің № 14 үйден басталып, Проезд-48 көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Толағай орамы; Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Текелі орамы; Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Тастөбе орамы; Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Талдыбұлақ орамы; Қызылжар көшесінің Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі - Өлеңдісай орамы; Тасқұдық көшесінің № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ойқарағай орамы; Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі - Жиренкөл орамы;  Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша: Шығыс Ильинка тұрғын алабы - Үркер тұрғын алабы; Новый аэропорт көшесі - Жаңадария көшесі; Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп,Сығанақ көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:

Пионерская көшесі - Талшық көшесі; Проезд-52 көшесі - Ақтоғай көшесі; Мостопоезд-463 көшесі - Жартас көшесі; Аспара  көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі - Қатонқарағай көшесі;  Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталады.