• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2021

Гүлшара Әбдіхалықова облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін түсіндірді

333 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіхалықовадан құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, өңірде құрылыс қарқыны 27 пайызға төмендеп кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімінен: «Гүлшара Наушақызы, халықты баспанамен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Статистикаға қарасақ, былтыр Қызылорда облысында құрылыс қарқыны 27 пайызға төмендеген. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 20 пайызға азайған. Бұл мемлекет бойынша ең төменгі көрсеткіш. Жағдайды түзеу үшін не істеп жатырсыздар? Бұл мәселе бойынша қандай жоспарларыңыз бар?», деп сұрақ қойды. 

Гүлшара Әбдіхалықова пандемияның салдарынан несиелік үйлерге сұраныстың азаюына байланысты құрылыс саласының көрсеткіші төмен болғанын айтып өтті.

«Қазір кезекте тұрған 30 270 адам бар. Оның ішінде «Отбасы банкі» салымшыларының өзі ғана – 8 мың адам. Оның ішінде тек 600 адам ғана бірінші жарнаны төлей алатынын дәлелдеп отыр. Проблемалар бар. Бірақ біз биыл алдымызға жоспар қойдық: 644,7 мың шаршы метр үй беріледі. Оның ішінде бірінші Қызылорда қаласы және аудандар бойынша арнайы үй салу инфрақұрылымдарын дайындап қойдық. Екіншіден, Үкіметпен бірге қазіргі бағдарламаларға байланысты арендалық және несиелік үйлер бойынша жұмыс істейміз», деп толықтырды Гүлшара Әбдіхалықова.