• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қаңтар, 2021

Байден трансгендерлерге әскерде қызмет етуге рұқсат берді

177 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трамп енгізген Қарулы Күштердің трансгендерлік қызметке қатысты тыйым салу туралы үкімін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC.com сайтына сілтеме жасап.

«Президент Байден бүгін АҚШ-тың Қарулы Күштерінде қызмет етуге жарамды кез келген америкалықтың бұған құқығы бар екенін растайтын Жарлыққа қол қойды», деді Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Хабарламада президент Байден «азаматтың немесе азаматшаның жынысы әскери қызметке кедергі болмауы керек және Американың күші оның алуантүрлілігінде деп санайды», делінген.

2017 жылы Трамп трансгендерлерге жарамды болған күннің өзінде Америка армиясында қызмет етуге тыйым салынады деп мәлімдеп еді. Одан кейін, 2019 жылы АҚШ Қорғаныс министрлігі трансгендерлердің көпшілігіне Америка қарулы күштерінде қызмет етуге тыйым салатын директиваға қол қойды.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Барак Обаманың билігі тұсында трансгендерлердің әскердегі қызметіне ресми түрде рұқсат етілген болатын.

 

Аида ОРАЛБЕК