Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
Хаттама ЕАЭО мүше мемлекеттерінің шекараларын кесіп өтудің кейбір мәселелері бойынша Кеден кодексіне өзгерістер енгізуді көздейді.
Қаржы және бюджет комитеті құжатты Палатаға қарауына ұсынды.