• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Шымкенттік Шүменов шыдатпады

232 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов WBA супер-чемпионы атағын қорғап қалу жолында словак Тамаш Ковачпен кездесті. Ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберлерінің бұл ұрысы 3-раундта біздің жерлесіміздің техникалық нокаутқа жетуімен аяқталды.

Шайқас АҚШ-тың Сан-Диего қаласында шаршы алаңды шайқады. Үшінші раундта Бейбіт қарсыласын жойқын соққымен ұрып құлатты. Рефери сол бойда ұрысты тоқтатып, жеңісті Шүменовке берді. Себебі, ол мұның алдындағы екі раундтың әрбірінде бір реттен нокдаунға жетіп еді.

Айта кететін бір жайт, Америкаға Шым­кенттен аттанған Бейбіттің мұның ал­дындағы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне бір жарым жыл болып қалған еді. Бұдан бұрын оның IBF нұсқасындағы әлем чемпионы, 48 жастағы америкалық Бернард Хопкинспен шайқасатыны айтылған болатын.

«Мен барлық ти­тул­дардың басын қос­­­­қым келетінін бұрын айт­­қанмын. Қазір менімен Бернард Хопкинстің шай­қасқысы келіп жүр, – деді Шүменов матчтан кейінгі сұхбатында. – Бұл мен үшін құрмет болып саналады, сондықтан ұсынысты қуана қа­­­былдаймын. Енді бәрі промоутерлік Golden Boy компаниясы мен Showtime теле­компаниясының өзара келісімдеріне байланысты. Матчтың қай уақытта өте­тінін солар бел­гілейді».

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар