Гонконгта мыңдаған адам вирустың өршуін тоқтатуға бағытталған қатаң қауіпсіздік шаралары кезінде үйлерінен шыға алмай қалды. Билік сенбіде 16 ғимаратты қала аудандарының бірін жауып тастады. Тұрғындар жаппай вирусқа тексерілмейінше үйлерінде отыруға мәжбүр.
Қалада қараша айынан бері 4300-ден астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Өткен аптада індет жұқтырған науқастардың жартысы – қаланың жұмысшылары тұратын Яу Цим Монг ауданының тұрғындары болған. Мамандар осы аймақтағы ағынды су сынамасынан вирус іздерін анықтаған екен. Бұл – нашар салынған су жүйелері мен жекелеген бөлімшелерде желдетудің болмауының салдары.
2003 жылы Гонконгте SARS індеті кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) техникалық талдауы вирус сапасыз су құбырлары арқылы тарауы мүмкін деген тұжырым жасаған. Қаланың кедей аудандарының бірінде вирустың өршуіне осы себеп болуы мүмкін деп ұйғарған мамандар аумақтағы үйлерді толығымен жауып тастады. Тест нәтижесін алмайынша, тұрғындар сыртқа шыға алмайды.
Ал пандемияның бастапқы кезінде Гонконг билігі локдаун секілді қатаң қауіпсіздік шараларын енгізуден бас тартқан-ды.