• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қаңтар, 2021

Бразилия Үндістаннан вакцина алдырды

90 рет
көрсетілді

Бразилия Үн­ді­­с­тан­ның AstraZeneca компа­ния­сы өндірген қолдануға дайын 2 миллион вакцинаға қол жеткізді. Бұл туралы мемлекет қаржыландыратын Фиокруз институты хабарлаған.

 

Бұл елдегі жағдай әлі де тұрақсыз. Халық президент Жаир Болсонарудың вируспен күрес әрекеттеріне көңілі толмай, наразылыққа шығуды жал­ғастыруда.

Вакцина елге Бразилия үкіметі мен AstraZeneca арасындағы келісімге сай жеткізілген. Осыған сай Бразилия өз елінде 100 млн дозаға дейін вакцина өндіруді жоспарлаған еді.

Жаир Болсонаро Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге хат жібер­геннен кейін, AstraZeneca Бразилияға екі миллион дайын дозаны жеткізуге келіскен.

Жалпы, індеттің қаупін өз деңгейінде қабылдамаған ел президенті вакцина өндірісі мен елдегі COVID-19 індетінің өршуіне жол бергені үшін сынға қалған. Johns Hopkins университетінің мәліметіне сәйкес, Бразилия коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Елде 215 мыңнан астам науқастың өмірі қиылған. Ал өңірлердегі ауруханаларда орын жетпей, оттегі мен өзге де медициналық құрылғылар тапшы болған.

Ел президентінің әрекеттерін сынға алып, әкімшіліктің шешімдерін тиімсіз деушілердің қатары күн санап артып келеді. Өткен сенбіде үкіметтің пандемияға қарсы әрекетіне наразы мыңдаған адам Бразилияның бірнеше қаласында наразылыққа шықты.