• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қаңтар, 2021

Алматыдағы Балалар онкологиясы орталығында сауапты іс атқарылды

291 рет
көрсетілді

Осы аптада Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар онкологиясы орталығына Баян Мақсатқызы келіп, сауапты іске мұрындық болды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Өкінішке орай, соңғы уақытта обыр кеселі белең алып тұр. Қатерлі ісікке шалдыққандар арасында балалар да бар. Ал, дертті балаларға тиімді ем-доммен қатар, психологиялық тұрғыдағы көмектің өзі де орасан демеу. Осы аптада Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар онкологиясы орталығына Баян Мақсатқызы келіп, сауапты іске мұрындық болды.  

Баян Мақсатқызы балалар онкологиясы орталығына жаңа термопоттар, микротолқынды пештер, теледидар, көп функциялы құрылғы, әдемі төсек жапқыштар және емделіп жатқан балаларға басқа да қажетті және пайдалы сыйлықтарды сыйға тартты.

ҚазОжРҒЗИ балалар онкологиясы орталығында кішкентай пациенттер химио-және сәулелік терапия алып емделеді. Бұл орталық ҚазОжРҒЗИ-да 1979 жылы ашылған және осы жылдар ішінде онда мыңдаған балалар емделіп шықты.

Биылғы жылы балалар онкологиясы орталығы толық жөндеуден өтті-онда жайлы және жарық палаталар жасалып, желдету жүйесі мен сантехника толығымен өзгертілді, қабырғалар мен едендер арнайы медициналық материалмен қапталды, балалар алаңы жабдықталды және Орталықтың барлық жерлеріне аудиожүйе орнатылып, жаңа жиһаз сатып алынды, сонымен қатар, мүгедектер арбаларын көтеру үшін арнайы лифт орнатылды.

Жөндеу жұмыстарына керекті 70 миллион теңгені белгісіз болып қалуды қалаған алматылық кәсіпкер беріп отыр.

Сондай-ақ, биылғы жылы аталмыш орталықта Samsung компаниясының атынан жасалған смарт-бөлме пайда болды, онда балалар Интернет арқылы, робототехникамен және басқа да қызықты нәрселермен айналыса алады.

Сонымен қатар, ҚазОжРҒЗИ-дың балалар онкологиясы орталығына «Амила» қоғамдық қоры мен «Help Today» қоғамдық қорының еріктілері де көп жылдар бойы өз үлестерін қосуда.