• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1123

321 рет
көрсетілді

2013 жылғы 21 қазан Астана, Үкімет Үйі

«Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

2013 жылғы 21 қазан Астана, Үкімет Үйі

«Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 948-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларында:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) инвестициялық жоба бойынша инвестициялардың көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кеміңде бес миллион еселенген мөлшерін құрауы тиіс».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілелі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар