Мегаполисте Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен дәрі-дәрімектерді дәріханаларға жеткізу жалғасып жатқаны белгілі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен стационарлардың, емханалар мен қала дәріханаларының дәрілік құралдармен, медициналық мақсаттағы өнімдермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуіне мониторинг апта сайын жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың ақпаратынша 26 қаңатардағы жағдай бойынша стационарларда 2,6 млн дәрілік құралдар бар. Бұдан басқа, 302 мың дәрі-дәрімек жеткізу күтілуде.
«Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны емдеуде сұранысқа ие препараттар барлық дәріханаларда бар. Дәрханалардың препараттармен қамтамасыз етілуі 85-90% - ды құрайды, дәріханаларда бұрыннан қалған миллионнан аса сұранысқа ие препараттар бар. Бұдан басқа, нарықты толықтыруүшін тұрақтандыру қоры қаражатының есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік заттарды жеткізу жалғасуда. Бүгінгі күні қалаға әкелуге жоспарланған 40,1 млн. ДЗ мен ММБ-дан 47,2 млн.әкелінді, 22,3 млн. іске асырылды, қолда бар 24,8 млн. оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 млн. Қосымша 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін 453 мың дәрілік зат түсімі күтілуде», деді Заңғар Сәлімбаев.