• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2021

Қызылордада 19 индустриялық жоба кәсіпкерлікті қолдау картасына енді

237 рет
көрсетілді

Сыр елінде индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдықтары аясында құны 150 млрд теңге болатын 26 жоба жүзеге асып, 1,7 мың Қызылордалық жұмыс тапқан, деп хабарлайды Еgemen.kz

Ал былтыр өндіріс орындарын көбейту бағытында 68,1 млрд теңгелік 20 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына қосылды. Биыл олардың қатары тағы 19 жаңа жобамен толығады. Оның 5-уі Қызылорда қаласынан болса, аудандардың әрқайсысынан 2 жобадан еніп отыр. Алда өңірде құрылыс индустриясы бойынша шағын арматура зауыты, асфальтбетон зауыты, шыны талшықты және композитті материалдар, құрғақ қоспалар өндіру зауыты мен Жаңақорған ауданынан керамзит және керамзит блоктарын шығару қолға алынады.

Ал, тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласында полиметалл кендерін қайта өндейтін тау-кен комбинаты, кварц құмын байыту комбинатының І кезеңі іске асады. Ауыл шаруашылығы бағытындағы 11 жоба жаңадан 873 жұмыс  орнының ашылуына сеп болмақ.

Айта кетейік, аймақта бір жыл ішінде іске қосылған жобалар  нәтижесінде 34,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген.