• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2021

Қызылордада былтыр 349 келі есірткі тәркіленді

226 рет
көрсетілді

Облыс көлемінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар нәтижесінде өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 386 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Былтыр полицейлер 4 рет «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасын, 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2020» кең ауқымды шарасын өткізген.

Есірткіні әзірлеу мен сақтау орындарын анықтау, сондай-ақ тасымалдаудың жолын кесу мақсатында шалғайдағы учаскелерге және айналмалы жолдарға қалалық полиция басқармасы мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған топтар тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Осы бағытта Ұлттық Ұланы әскери тікұшағының көмегімен әуеден шолу жасалды.

    - Тексерулер барысында есірткі өсірудің 27 дерегі далалық аймақтан, 48 дерегі үй, саяжай ауласынан және 1 дерегі мекеме аумағынан табылды. Есірткі өсіргені үшін барлығы 63 адам ұсталып, оның 27-і қамаққа алынды. Оқиға орнынан 31 мың 437 түп сора өсімдігі жойылды. Заңсыз айналымнан барлығы 349 келі 322 грамм есірткі, марихуана және 6 дана атыс қаруы тәркіленді, дейді облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мақсат Беркімбаев.

Құқық қорғаушылар былтыр тұрғындардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында онлайн форматта 320-ға жуық іс-шара ұйымдастырып, оларға 41 757 тұрғын қатысқан. Акция, дөңгелек үстел, семинар, лекция, спорттық сайыстар форматында өткен бұл шаралардың өтуіне ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары, мемлекеттік органдар өкілдері, ҮЕҰ мүшелері  үлкен үлес қосты.